Ауылда сиыр сауған Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі көпшілікті тәнті етті
Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі ауылда сиыр сауған видеосын жариялап, көпшіліктің талқысына қалды. Желі оқырмандары Мөлдірдің жан-жақтылығы мен іске икемділігіне таңдай қағып, оған жылы тілектерін жаудырды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған видеода Мұқановa бұзау тартып, сиыр сауған. Бұл сәтті оның балалары тамашалап, әрі таспаға түсіріп тұрған.
Мөлдірдің бұл әрекетіне желідегі оқырмандарымен қоса, өнер жұлдыздары да таңырқай қарады.
"Жаным, Мәке! Қолыңнан келмейтіні жоқ! Алла тіл-көзден сақтасын!" - деп сүйсінді Мөлдір Әуелбекова.