Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ауған босқындарын қабылдай ма? Сыртқы істер министрлігі жауап берді

ҚР Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан ауған босқындарын қабылдай ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

босқын

"Whats App мессенджерінде тараған “Алматы немесе Шымкентке ауған босқындары келейін деп жатыр" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан да азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз. Ресми ақпаратты Сыртқы істер министрлігінен немесе жергілікті атқарушы органдардан білуге болады. Егер қабылдау туралы әңгіме қозғалған жағдайдың өзінде Ауғанстан аумағында ресми жұмыс істеп жатқан БҰҰ қызметкерлеріне ғана қатысты. Оның өзінде Қазақстанның билігіне ресми өтініш білдірген жағдайда", – дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 



Ол бүгінде елімізде ауған босқындарын қабылдау мәселесі қаралып жатқан жоқ деп кесіп айтты. 

Еске салсақ, бұған дейін ҚР сыртқы істер министрлігі өздерін этникалық қазақпыз деп таныстыратын Ауғанстан азаматтары көбейіп кеткенін мәлімдеген болатын. 

Талқылау