Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: Сотталып жатқан шенеуніктер бас бостандығынан айырмауды сұрады

Алматы облысының Талғар аудандық сотында әуежай маңынан заңсыз жер берген экс-шенеуніктерге қатысты сот аяқталуға жақын. Соттағы соңғы сөзін сөйлеген экс-шенеуніктер бас бостандығынан айырмауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Алматы әуежайы маңындағы жерді сату ісі бойынша айыпталушы сотта соңғы сөз сөйледі. Тергеу мәліметтері бойынша, әуежай маңындағы тұрғын үй аумағы жер учаскелерін заңсыз сатудың нәтижесінде 2019 жылдың желтоқсанында Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. 

Бүгін соңғы сөзін сөйлеген экс-шенеуніктер өз кінәсін толық мойындады және қатты өкінетінін жеткізді. Олар өздерін басбостандығынан айырмауды сұрады. Себебі, олардың 3-4-тен кәмелет жасына толмаған балалары бар. Және басым бөлігі - үйдің жалғыз асырушылары. Сонымен қатар, олардың ата-анасы - егде жастағы адамдар.

"Мен болған жағдайға қатты өкінемін. Бұл - адеми факторы. Мен жұмыста қателескен болармын. Сізден менің отбасылық жағдайымды ескеруіңізді сұраймын. Менің қартайған ата-анам және кәмелетке толмаған бес балам бар. Бас бостандығынан айырмай, әділ шешім қабылдаңыз", - дейді Талғар облысы жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Рустам Тұрысбеков.

Тек риэлтор Нұрайым Алданыш қана өз кінәсін мойындамады. Ол өзінің кінәсі құжатпен дәлелденбегенін айтты. Оның қорғаушысы Азамат Бакенов Н. Алданыштың бұл іске қатысы жоқ екенін жеткізді. Риэлтордың кәмелет жасына толмаған 3 баласы бар. Қорғаушының сөзінше, риэлтор жер сатумен ғана айналысқан. Ал рәсімдеу жұмысымен айналыспаған. Сондықтан оның кінәсі жоқ екенін қорғаушысы алға тартты.

"Риэлтор жерді сатып бер деген адамдардың жарнамасы бойынша жұмыс істеді. Ал сол жердің иелері бұл істе жоқ. Нұрайым Алданыштің бұл істе кінәсі жоқ",- деді қорғаушысы.

Айта кетейік, бұған дейінгі процесте прокурор экс-шенеуніктерді, яғни, барлық сотталушыларды 4 жылдан 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Қазір осы іс бойынша алты адам сотталып жатыр.

Талқылау