Әуесқойлық бокста Головкинді соққан боксшы жекпе-жектен кейін комаға түсті
Әуесқойлық рингте Геннадий Головкинді соққан неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Лондонда ұпай бойынша жеңіліс тапты.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Қазақстанда туылған неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Лондондағы жеңілісінен кейін жасанды комаға түсірілді, деп жазады L’Equipe.
GGG қарсыласын нокаутқа түсіріп атағын қорғаудан Хопкинс рекордын жаңартады Қазақстанда туылған 34 жастағы неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт ұпай бойынша немістің жеңілісімен аяқталған Джордж Гровсқа қарсы жекпе-жекте жұма күні бас жарақатын алды. Гуткнехт киім ауыстыратын бөлмеде есінен танып қалып, жасанды комаға түсірілді. Сол түні оған ота жасалды. Эдуард Гуткнехт 1982 жылғы 19 наурызда Қазақстанның Жетісай қаласында дүниеге келген. Алайда он бір жасында отбасымен бірге тарихи отаны Германияға оралған.
Жіберіп алмаңыз:
Андре Уорд ұпай саны бойынша Сергей Ковалевтен басым түсті
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан