Әубәкіров: Тоқаев ақылдыларды жинап сенім кеңесін құрды, мен ақылдылар қатарына жатпайды екенмін, мені шақырмады

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтың қотан толы қойы, жайлау толы жылқысы бар екен, мейрамхана, дүкендері мен мұндалап тұр деген қауесет қаншалықты рас? Билікке базынасын батыл айтып келген батыр ағамыз бүгінде не істеп жүр? Қазіргі өзгерістерге қатысты не айтары бар? Осы жайлы оқи отырыңыз.

Әубәкіров: Тоқаев ақылдыларды жинап сенім кеңесін құрды, бірақ мен ақылдылар қатарына жатпайды екенмін, мені шақырмады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тоқтар Әубәкіров сайлау алдындағы халық құрылтайына не себепті барғанын айтты. 

"Мен осы елдің ұлтшыл азаматымын. Елде болып жатқан жайтқа бей-жай қарай алмаймын. Кей нәрселерді өзгерткім келеді. Сондықтан өз позициямды білдіру үшін бардым. Мені Қасым Жомарт Тоқаев халықпен диалог орнатамыз, халықпе  ашық боламыз деп орнатқан сенім кеңесіне, ашық диалогқа шақырған жоқ. Президент ақылды кісілерді жинады, бірақ мен ол ақылды кісілер қатарына кірмеппін. Оған өкпе жоқ. Шындықтан бәрі қорқады. Конституцияда әрбір адамның сайлануға, сайлауға құқысы бар екені қара сиямен жазылған. Бірақ біздің құқығымыз жоқ ", - деді Әубәкіров.


Тағы оқыңыз


Халық қаһарманы қайта депутат болғысы келмейтінін атап өтті. Ол қазіргі жастардың көзі ашық екенін, алайда патриоттыққа тәрбиелеудің әлсіз болып тұрғанын айтты. Ол үшін арнайы идеология, арнайы бағдарламалар керек. Жастарды қолдау керек екенін жеткізді. 

Ел аузында ғарышкердің қотан толы қойы, жайлау толы жылқысы бар, мейрамхана, дүкендері бары айтылып жүр. Оған Әубәкіров мырзаның өзі жауап берді. 

"Менің бір дүкенім, бірде бір мейрамханам жоқ. Коммерциямен ешқашан айналысқан емеспін. Зейнетақым 290 мың теңге", - дейді ол.

Бұрындары қазақша бір сөз айта алмаған ғарышкер бір жаз ішінде ана тілін үйреніп шыққанын айтты. 

"Арнайы Қызылордаға бардым. Қазақтың ортасында бір жазда ана тілімді үйрендім. Бір жаз ғана кетті. Кейбір шенеуніктер халықты ойлап, қазақ тілін үйренуге уақыты жоқ. Мен тіпті қазақша сөздердің мағынасын да түсінбейтінмін. Бастысы ниет керек. Намыс керек", - деді халық қаһарманы. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирус Біріккен Араб Әмірліктеріне жетті

Жергілікті тұрғын ауруды жұқтырып алған

АҚШ коронавирусқа шалдыққан науқасты роботтың көмегімен емдеуде

Бұл жағдай ауру таралуының алдын алу үшін жасалып отырған көрінеді

«Қазақ аруы» байқауының тәжі қанша тұрады? Баян Алагөзова құпияны ашты

Іріктеуден өту үшін тамыр-танысына хабарласып, не қомақты ақша ұсынатындар да көп

Алғашқы 100 пайдаланушыға бонустар: АТФБанк кәсіпке арналған жаңа қосымшаны іске қосады

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады

Bek Air билет ақшасын қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

9 ақпанға дейін Bek Air рейстерінің тоқтатылғаны туралы хабарланды

Супруга с известной фамилией. Что известно о новом после в России Ермеке Кошербаеве и его семье?

Шашын 8 жыл жумаған қыз алған әсерін бөлісті

Бойжеткен: Шашым тез өсе бастады

Иті өз иесін қытайлық індеттен аман алып қалған

Әйел Уханьға барып қайтпақшы болған, бірақ иті оның төлқұжатын кеміріп тастапты

Ұшақтың зиянынан ұяламыз: Еуропалықтар ұшаққа отырудан бас тартуда

Еуропада қоршаған ортаны қорғау қозғалысы барған сайын танымал бола бастады

Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкері жүкті әйелді босандырып алды

Әйелдің ауруханаға барар жолда толғағы басталыпты
Çàãðóçêà...