Атырауда полицейлер Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды
Атырау ІІБ жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік қызмет батальонының қызметкерлері Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды.

«Жайық өзені бойындағы Орталық көпір маңын торуылдап жүрген ІІБ жергілікті полиция қызметі ЖПБ «Батыс» экипажының полиция сержанты Айболат Өтешқалиев пен полиция кіші сержанты Айболат Башев Жайық өзені жағынан көмекке шақырған айғайды естиді. Полицейлер ағынмен ілесіп суға батып бара жатқан адамды көреді.
Еш ойланбастан бірден полиция сержанты Айболат Өтешқалиев суға секіріп кетті. Полицей жас жігітке жетіп, құтқарушылар қайықпен жеткенше, оны су бетінде ұстап тұрды. Олар 1999 жылы туған Махамбет кентінің тұрғыны, колледждердің бірінде оқитын студентті құтқарды», – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады