Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аттың басын жіберіп": Мәдина Сәдуақасова жан сырын ақтарды

Мәдина Сәдуақасова өзгерісті қалап жүргенін айтып, оқырмандарына ағынан жарылды. Жас музыканттармен, режиссерлермен заманауи дүние жасауды ойға алған Мәдина тыңдармандарын шошытып алудан сескенетінін жеткізді. 

"Ішкі жан дүнием өзгеруді, өзгерісті қалап тұр. Жүз пайызға. Айналамдағы адамдар "тиіспе, жолама, құртасың" деп жатыр! Ал мен, жас музыканттармен, жаңа стилисттермен, фотограф, режиссерлармен аттың басын жіберіп, заманауи нәрселер жасай бастасам менен шошымайсыздар ма? Бастамай тұрып өз оқырмандарымнан, сіздерден сұрап алғым келіп тұр?”, – деп жазба қалдырды Мәдина Instagram-дағы парақшасында. 

Фанаттар қандай жағдайда да Мәдинаны қолдайтынын айтып, өзгерістің оңды болуын тіледі.


"Әрқашан жанымда болды": Мәдина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқанын айтты (фото)


"Ішкі жан дүниеңнің қалауын жаса, біз сені қандай болсаң да жақсы көріп құрметтейміз. Өзгерісті жасау барлық жанның басында боп тұрады", "Қолдаймын. Өзгеріс керек, бірсарынды әнші ден қызық емес. Даму керек. Жас мамандар қазір: креативті ойлайды, трендті жақсы түсінеді. Өзімде өзгеріс керек деп, үйде отырып инстаграммен табыс тауып отырмын. Биылға тренд осы", "Жіберсеңізші аттың басын", "Біз сізбен біргеміз", – деп жазды олар.

Талқылау