Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкері пара алғаны үшін ұсталды
Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"1 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицерін ірі көлемде пара алғаны үшін ұстады", – делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.
Агенттік мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
"Ақ Жайық" басылымында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қызметкер павлодарлық ұйым жетекшісінен 21 миллион теңге көлемінде пара алған.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге