Атыраулық әйел отадан кейін арқасының күйіп қалғанына шағымданды
Атырау ауруханаларының бірінде өт қабын алуға жасалған отадан кейін оянған науқастың арқасы күйіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Ота жалпы наркозбен жасалды. Әйел оянған соң арқасын күйік шалғанын байқаған.
"Ота іш маңайында жасалды, отадан кейін демалуым керек. Бірақ арқамды күйік шалуына байланысты бір қырыммен жатуға мәжбүрмін. Солай жатқандықтан ішім ауырады, тынығу мүмкін емес", – деп шағымданды науқас.
Науқасқа арқасының қалай күйіп қалғанын ешкім түсіндіре алмады.
Айтуынша, бұл жағдай мейірбикенің немқұрайлылығынан болған. Металл тақтайшаны уақытында алмауынан немесе дұрыс қоймауынан болуы мүмкін.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ