Атырау облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті
Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкеткен сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 6 сәуір күні сағат 18:44-те Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында мектептің төбесі ұшып кеткен. Жел секундына 18 метр жылдамдықпен соққан.
1375 шаршы метр аумақта шатырдың бір бөлігі жұлынып кеткені атап өтілді. Оқиға болған кезде мектепте ешкім болған жоқ, оқыту онлайн режимінде жүргізіледі.
"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы сол жерде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген