Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында екі күннен бері қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында екінші күн қамыс өртеніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото iStock

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 100 гектар алқаптағы қамыс 2 наурызда сағат 15:45-те Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында жанған.

Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығы мен әкімдіктің техникасын пайдаланып 36 адам өрт сөндірді.

Төтенше жағдайлар минстрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Каспий жағалауындағы отпен күрес әлі де жалғасып жатыр.



"Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру батпақты және тығыз жерлер мен өсімдіктердің әсерінен қиын болып тұр. Бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі жасайды", – деп хабарлады министрлік.

Экология министрлігінің мәліметінше, сапалы техниканың жетіспеуі Қазақстандағы орман және дала өрттеріне қарсы күрестің тиімділігін төмендетіп келеді.

Талқылау