Тоқаев бірнеше адам әлеуметтік көмек алатын отбасыларды сынға алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж емес те адамдардың алып жүргенін жеткізді. Айтуынша мұндай азаматтар жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент үкіметтің азаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін қайта қарауы керек екенін алға тартты.
“Осыңан байланысты тиісті тапсырма берілді. Мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтар алуға тиіс. Алайда кейбір ауылдық жерде бір отбасыдан бірнеше адам атаулы әлеуметтік көмек алатын жағдайлар жиі кездеседі. Өкінішке қарай ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Себебі мемлекеттен түсетін жәрдемге сенеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Түптеп келгенде, мұндай әрекет әлеуметтік масылдықты туғызып отыр”, – деді Тоқаев.
Еске салсақ, президент бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмау керек екенін айтқан еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды