Атақты дзюдошы, Олимпиада ойындарының чемпионы спорттағы мансабын аяқтады

31 жастағы дзюдошы Париж Олимпиадасының чемпионы Криста Дегучи спорттағы мансабын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны дзюдошы арудың өзі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.
"Үш жасымнан бері айналысып келе жатқан дзюдодан кәсіби спортшы ретіндегі мансабымды аяқтадым. Өте қиын сәттер көп болды. Бірақ сол қиындықтардың ар жағында әрдайым жақсы нәрселер күтіп тұрды. Мен көптеген достар таптым, мақсаттарыма жеттім және тұлға ретінде өстім. Мұның барлығы маған дзюдоның бергені деп санаймын. Мен үшін кәсіби спорттан кету - бұл "оқуды тәмамдау" сияқты. Өкінбей, өз қалауыммен мансабымды аяқтау - үлкен бақыт. Осы жылдар ішінде көптеген адамдардың қолдауы арқылы жігерлене түстім. Енді мен дзюдошылардың келесі буынын қолдауға бар күшімді саламын. Осы 27 тамаша жыл үшін баршаңызға үлкен рахмет. Бұл шынымен де бақытқа толы жол болды. Жолымыз тағы бір күні қайта тоғысады деп үміттенемін", – деп жазды Дегучи.
Айта кетейік, Криста Дегучи 57 келіде Канада елінің намысын қорғағаған. Дзюдошының анасы жапон ұлтынан болса, әкесі канадалық. Ол 2017 жылдан бері Канаданың атынан сынға түсіп жүр.
Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасында 5-орынға тұрақтаса, 2024 жылы Париж Олимпиадасында алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 2019 және 2023 жылдары әлем чемпионы. Оның қожынында бұдан өзге 2018 жылы әлем чемпионатының қоласв, 2024 жылғы күмісі бар.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?