Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хан Шатырда ұры әйел құны 1 млн 700 мың тұратын тонды аңдып жүріп қолды қылды (видео)

Ғаламторда Астанадағы Хан Шатыр ойын-сауық орталығында болған оқыс жағдай видеоға түсіп қалды.

3844516a-20f6-4133-a770-6d34ecd9ef5a

Бұл туралы Инстаграм желісінің qazpress парақшасында жарияланды.

Видеодан ұры әйелдің қыдырып жүрген өзге әйелдің тонын ұрлаған сәтін көруге болады. Балалы келіншек қоларбамен алаңсыз қыдырып жүреді. Ол тонын қоларбасына іліп қойған. Мұны байқаған ұры әйел оның соңына түсіп, қолды қылудың сәтін аңдып жүреді. Ақыры амалын тауып, ол байқамай тұрған сәтте тонды өзімен алып кетеді. Тонның құны 1 млн 700 мың теңге тұрады.

Желі қолданушылары дәл көз алдында тұрған затты қорықпастан ұрлап кеткен әйелдің ептілігіне таңғалды. Кейбірі затына ие бола алмаған жәбірленушінің өзін кінәлады. Ұрылардың әсірісе адам көп келетін орындарда көп жүретіні белгілі. Сондықтан заттарыңызға абай болыңыздар.

Будте бдительны! Хан шатыр. Украли шубу шуба стоит 1 700000. Воровку ещё не нашли !!

Публикация от Астана-Алматы-Шымкент (@qazpress)

Жіберіп алмаңыз:

Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео)

Жол сақшысы мың бұралып билеп тұрып көлік қозғалысын реттеді (видео)

Алматыда сарбаз ант қабылдау рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото. видео)

Талқылау