Қазақстанда жылдамдығы жоғары 10G интернеті сынақтан өткізіледі

Фото: Sutthiphong Chandaeng/Shutterstock/FOTODOM
Астана әкімдігі мен Қытайдың Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы 50G PON технологиясымен жылдамдығы жоғары 10G интернетті сынау бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тараптар келісімге "Қытай-Орталық Азия" форумында қол қойды. Ол елордада озық телекоммуникациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
10G – үйлер мен кеңселерде қолданылатын, жылдамдығы секундына 10 гигабитке тең сымды интернет. Бұл атау 4G/5G сияқты оныншы буынды емес, жылдамдықты білдіреді. Мұндай интернет өте жылдам ғана емес, жоғары тұрақтылыққа ие.
10G интернет – жаңа технология, оны АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Франция және Германия сияқты елдер пилоттық жоба ретінде қолданысқа енгізіп жатыр.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?