Астанада жедел-жәрдем көлігі аударылып, 8 адам зардап шекті
21 маусым күні жедел-жәрдем көлігі арнайы жарығы жанып-өшкен күйі бағдаршамның қызылы жанғанда өтіп кеткен. Жол апатынның суреті Instagram желісінің zhest_kz тобында жарияланған.

Сурет: instagram.com/zhest_kz
Куәгерлер жедел-жәрдем қызметінің жарығы жанып-өшкен күйі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Қиылыста Opel көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жедел-жәрдем қызметінің көлігі аударылып кеткен.
«Алдын ала болжам бойынша жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі қауіпсіздікті сақтамай, бағдаршамның тыйым салынған түсіне қарамастан өтіп кеткен. Сөйтіп, Opel Vectra көлігімен соқтығысқан», – дейді Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қазір жол апатына қатысты полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр.
Жол апатынан зардап шеккен 8 жолаушы ауруханаға түскен. Олардың үшеуі жедел-жәрдем қызметкерлері, науқас пен оны шығарып салушы, қалған үшеуі Opel көлігінің жүргізушісі мен ондағы екі жолаушы.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады