Астанада лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар бала ауруханадан шығарылады
Астанада дәрігер лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Емдеуші дәрігер Юсуп Гусейновтың айтуынша, беті пышақталған бүлдіршіннің жағдайы дұрысталып келе жатыр.
"Бүгін тігістер алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, бала белсенді. Тексерістен кейін бүлдіршінді шығару туралы ойлануға болады", – деді "№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы" жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. Кейіннен осы жасөспірімнің лифтте тағы бір қызға шабуыл жасамақ болғаны анықталды. Астана полициясы шабуыл жасаған жасөспірімнің оқшауланатынын хабарлады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен