Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада интернет сапасы Токиодан басып озғанын мәлімдеген Бағдат Мусин еліміздегі интернет сапасында шикіліктер барын мойындады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет Токиоға қарағанда жақсы деген сөзінен кейін елімізде байланыс сапасына қатысты проблемалар бар екенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол өзінің сөзінен кейін отставкаға кету туралы петицияны көргенін атап өтті.

"Біз ресми рейтингтерге сүйенеміз. Интернеттің сапасына қатысты Қазақстанда мәселелер барын мойындаймын. Мен Интернетті Қазақстан азаматы ретінде қолданамын, менде де жеке байланыс жоқ. Сондықтан операторларға нақты міндеттер қоямыз. Мен базалық станцияларды орнату мәселесін ай сайын бақылап отырамын", – деді Бағдат Мусин. 

Ол министрлік ұялы байланыс операторларының жеке нарығына араласпауы керек екенін атады.

"Байланыс операторлары өз желілері мен байланыстарын дамытуға дербес жауап береді. Операторлар бір-бірімен бәсекелесіп, сапалы байланыс қызметтерін ұсынуы керек, клиент үшін күресуі керек. Бірақ байланыс сапасы туралы мәселенің ауқымы үлкейгендіктен,министр ретінде араласуға тура келді”, – деді министр.

Айтуынша, әр екі апта сайын барлық ұялы байланыс операторлары, басшылар-акционерлермен кездеседі. 

Шілде айында Бағдат Мусин Астана Интернет сапасы бойынша Токионы басып озғанын айтқан еді. Одан кейін қазақстандықтар министр Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады.

Талқылау