Астанада автобус жүргізушісінің бетіне баллоннан бұрыш шашқан бұзақы қамауға алынды
Қоғамдық көлік жүргізушісіне баллоннан бұрыш шашқан бұзақы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға күндіз Қалдаяқов көшесінде болған. Автобуспен Kia автокөлігінің жүргізушісі жанжалдасып қалған.
“Жеңіл көліктің жүргізушісі аялдамаға тоқтағалы жатқан қоғамдық көліктің жолын кесіп кеткен. Сөйтіп автокөліктің жүргізушісі автобусқа жақындап келіп жүргізушіге баллоннан бұрыш шашып, қашып кеткен”, – делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Kia автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешіміне сәйкес, астаналық тұрғын бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді