Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты
Астанада қоғамдық көлік жүргізушілері бір-бірімен жаға жыртысты. Жұрттың көзінше төбелескен қызу қанды жігіттердің бұл қылығын жолаушылар ұялы телефонға түсіріп алған, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Бір-бірін жұдырықтап жатқан Елордадағы нөмері 39 бен 120-ншы бағыттағы автобустың жүргізушілері мен кондукторлары. Шанхай базарының жанында төбелес шығарған олар жолды бөлісе алмай, бір жағы жолаушыларға да таласқан сыңайлы.
Жиналған жұрт бір-бірін төпештеп жатқандарды ажыратуға тырысқанымен, қызу қанды жігіттер бой берген жоқ. Біраз тартыстан соң екі жақ полиция шақырмай, жан-жаққа кетіп қалыпты. Автопарк басшылығы да тентек қызметкерлеріне тек ескерту берумен шектелген.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді