Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 50 мың еуро тұратын алтын мен гауһардан безендірілген домбыра көрсетілді

Танымал жәдігерлік компанияның бірі «Алтын домбыра» атты алтын мен гауһардан әсемделген үстел құралын жасап шығарды.

49922_tn

Алтын мен гауһардан әсемделген домбыра бір-ақ данамен шығарылған. Оның көрсетілімі Астананың сауда үйлерінің бірінде өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Домбыраны швецариялық шеберлер дайындады. Бұл біздің шеберлердің жеңісі», – дейді Empire компаниясының иесі  Вольдемар Айфельд.

49920_tn

Домбыра 24 каратты таза алтынмен және гауһар таспен әсемделген. Бұл домбыраның үлкенігі кәдімгі домбыра секілді ұзындығы – 100 см, ені – 25 см. Бірақ ол ойнауға арналмаған. Сән ретінде интерьерге қолданылатын бұйым.

49923_tn

Сонымен қатар, домбыра әуен ойнап беретін арнайы механизиммен жасақталған. Механизде 72 нота, 3 тональності көрсетеді. Онда  “Үш қоңыр” (Н.Назарбаев, А.Қоразбаев), ” Желсіз түнде жарық ай” (Абай) және “Аққу” (Сүгір) осы үш ән ойнатылады.

Музакалы механизм 316 L зергерлік болаттан жасалып, 24 каратты алтынмен жалатылған. Және домбыра брилиантпен оюланып, алтынмен боялған.

49921_tn

Компания иесінің айтуынша, домбыраның бағасы 50 мың еуро тұрады.  Бірақ оны сатылымға қоймайды екен. Оны интерьердің элементі ретінде Елбасына сыйлыққа бермекші.

 

49919_tn

Келесі жолы компания осы бағытта қобыз аспабын дайындау ойларында бар.

 

 

 

 

Талқылау