Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан тұрғыны балабақшаға барған екі жасар қызының соққыға жығылғанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан полициясы қала тұрғындарының бірі баласын балабақшада ұрып-соққанын айтқаннан кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде жарақат алған баланың суреті жарияланды. Жазба авторының айтуынша, 12 қаңтарда анасы қызын жекеменшік балабақшадан алып кеткен. Үйге келгеннен кейін баланың денесі көгеріп қалғанын байқаған. Әйел құқық қорғау органдарына арызданған, алайда іс қаралмай жатқан көрінеді.

"Қызым екіге де толмаған. Оны балабақшадан алғаннан кейінгі түрін көріп, шошып кеттім. Білектері көгерген, мойнында қылқындыру іздері бар. Көрген адамдар әлі күнге дейін үнсіз отыр", –  деді Нұр-Сұлтан тұрғыны Марина. 

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады.

 

Оның айтуынша, бұған дейін балада мұндай жарақат іздері болмаған. Бірақ 10, 11 және 12 қаңтар күндері қызы балабақшаға барғысы келмеген. Маринаның айтуынша, қыз әлі сөйлемейді.

Әйелдің айтуынша, тәрбиешіге қатысты іс қозғалды. Бірақ бір аптадан кейін тергеуші оған медициналық сараптаманың нәтижелері әлі белгісіз екенін айтыпты. 

Оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті пікір білдірді. 

"Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", –  деді департамент. 

Талқылау