Астана әкімдігі iPhone 7 телефонын ұтысқа ойнатып жатыр
Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтау жасаған адамға iPhone 7 береді.

Бұл туралы Астана әкімдігінің сайтында жарияланды.
Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Келе жатқан жаңа жыл біреулер үшін шынымен де ертегіге айналады. Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы (ayazata_official) ресми парақшада жүргізіледі.
Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда тұрғындарына арналған өз құттықтауын жүктеу қажет, ал сипаттамада «@ayazata_official» байқауы және #жаңажылыңменАстана2017 хэштегін қою керек. Қатысушының парақшасы байқау аяқталғанша ашық тұруға тиіс.
Бейнеқұттықтаулар 2016 жылдың 30 желтоқсаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ерекше идеяның авторы IPhone 7 иегері атанады, байқау қорытындысы 31 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» СОСО-ында шығарылады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады