“Әскерилер жұмыстан кейін такси жүргізуге мәжбүр”: Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді
ҚР қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов әскерилердің жұмыстан кейін демалудың орнына, отбасын асырау үшін такси жүргізушісі болатыны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мәжіліс депутаттары қорғаныс министрлігін сынға алды. Олардың айтуынша, әскерилер отбасын асырау үшін таксист болып жұмыс істеуге мәжбүр.
Журналистер бұл жағдай ұят емес пе деген сұрақ қойды.
"Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын, өйткені қорғаныс министрлігі үкімет пен заң тарабынан белгілеген қаражатты бөледі. Олар демалуы керек, сіздермен толықтай келісемін. Бұл шынымен де министрлікке, үкіметке ғана қатысты мәселе емес. Бұл – біздің ұлттық мәселеміз, оны бірлесіп шешу керек", – деді Сұлтан Камалетдинов.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн