Асқар Мамин Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Асқар Мамин үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

“Асқар Ұзақбайұлы Маминді Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындаймын”, – делінген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында.
Еске сала кетсек, бүгін Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындалған еді. Ал Асқар Мамин бұл қызметке келемін дегенше “Қазақстан темір жолы” АҚ басшысы қызметін атқарды.
Кеше министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелген болатын. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады