Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында мұғалім ашық сабағын өткізбес үшін мектепте бомба бар деп хабарлаған

Жамбыл облысының ауыл мұғалімі өзінің ашық сабағын өткізбес үшін мектепке бомба қойылғанын айтқан. Арнайы қызмет ғимараттан 300-ден астам ұстаз бен оқушыларды эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

бомба мектеп

Оқиға Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп қабырғасында болған. 25 жастағы мұғалім ашық сабақ өткізуі тиіс болған. Алайда оның орнына педагог полицияға хабарласып, мектепте бомба бар деп мәлімдеген.

Эвакуация кезінде ол тіпті оқушылар әріптестеріне ғимараттан тездетіп шығуға көмектескен. Енді оны қомақты айыппұл төлеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.



"Білім ордасын тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Осы қылмыстық әрекетті жасаған 25 жастағы Шу ауданының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Шу аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асхат Бақбергенов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр