Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова: Бала күнімде анам "кейін теледидардан сені бәрі көреді, жұлдыз боласың" деп өсірді

Актриса, әнші, бұрынғы "Дауыс International" тобының мүшесі Әсел Сәдуақасова өзі мен өмірі жайлы сыр шертті. Мектеп кезінен бастап таныла бастаған Әсел бүгінде көпшілікке белгілі актриса. 

Әсел Сәдуақасова: Бала күнімде анам

Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасында айтылды. 

Әсел Қостанай облысының Жітіқара қаласында өмірге келген. Осы өңірде балалығы өтті. Мектепті бітірер шағында анасы жетелеп Алматыға әкелген. Осы қаладан өнерге жол тартты. 

"Анам бала күнімде маған үнемі жұлдыз боласың деп айтатын. Сен ақылдысың, көріктісің, таланттысың сені бәрі таниды деп айтатын. Айсұлу деген құрбым бар. Бірде құрбым ата-анасымен біздің үйге келді. Ол кезде оқушымыз. Теледидар көріп отырдық. Сол кезде анам кейін көресіңдер, осы теледидардан Әселді көретін боласыңдар" деген еді. Ол кезде бұған ешкім сенген жоқ. Мен де сенген жоқпын. Бірақ солай болды", - деді Әсел. 

Әселдің анасы қызымен бірге жүрмеуге тырысатын көрінеді. Себебі өзінің танылғанын қаламайды. Бірге дүкен араласа да, қызынан алшақ жерде жүреді екен.

"Мен қызымның әрқашан басқалардан озық екенін білетінмін. Ол 1 жарым жасынан бастап белсенді болды. Ән айтатын, тақпақ айтатын. Ерекше бала болды. Оны Алматыға әдейі әкелдім. Өнерде жүргенін қаладым", - деді анасы Бақыт Жантуарова.

Әсел Сәдуақасова мектепті үздік бітірген. Сынып жетекшілері мен мұғалімдері жақсы оқығанын, мектепте белсенді оқушының бірі болғанын айтады. 

"Біз кастингтен өтіп, гастрольдік сапармен жүргенде Әсел мектептегі сабағын жазып жүретін. Неміс тілінің сабағы деп орындап жүретін. Біз таңғалатынбыз. Мектеп оқушысы не істеп жүр деп ойлаушы едік", - деді әріптесі Әсел Сәдуақасова. 

"Әнші қыздарға кастинг болатынын естіп бәріміз жиналдық. Қыстыгүні болатын. Әділқазылар екі сағат кешігіп келді. Ешбірі қайтып кеткен жоқ. Бәрі аязда тоңып, күтіп тұрды. Қазіргі жастар ондай емес. Біз іріктеліп алындық", - деді әнші Рано Омарова. 

Сол кездегі кастинг ұйымдастырушылардың бірі, продюсер Бағым Мақсатқызы Әселдің бірден көп назарына іліккенін айтады. Тіпті ең алғаш қандай киім келгені де есінде екен. 

"Әселді байқамау мүмкін емес еді. Ол өте сүйкімді, кішкентай қыз болатын. Бірден іріктеуден өтті", - деді Мақсатқызы. 

Әсел жайлы қызықты оқиғаны әріптесі, әнші Нұргүл Нұғманова да айтып берді. 

"Әсел бірде борщ жасады. Бірақ борщының дәмі біртүрлі. Әлдене жетіспейді. Өте сұйық. Қонақтарға жасап беріпті. Кейін мен ішіп көрдім. Сөйтсем, борщға орамжапырақ қоспапты. Онсыз жасалған борщты алғаш рет ішіп көрген едім сонда. Одан кейін тамақты дәмді жасайтын болды", - деді ол.

Талқылау