AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар суициді бойынша статистика үлкен проблема барын көрсетеді": Аружан Саин НЗМ оқушысының өзіне қол жұмсауы туралы айтты

Аружан Саин Қазақстандағы балалардың суицидтері бойынша қорқынышты статистиканы атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Алматыда НЗМ оқушысының өз-өзіне қол жұмсауына байланысты мәлімдеме жасады.

"Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, мен тергеудің қорытындысын, оның ішінде баланың әрекетінің себебін күтемін. Осыдан кейін біреудің жауапкершілігі туралы айтуға болады. Мен тергеу барысымен тікелей байланыстамын. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әкімшілігімен "Балалардың құқықтарын қорғау" мемлекеттік мекемесінің басшылығымен, егер отбасы қажет деп тапса, өтініш беруге мүмкіндігі болуы үшін мен баланың ата-анасына байланыс ақпараттарымды беруді тапсырдым. Қазіргі уақытта ҚР БҒМ өкілдері қайтыс болған оқушының ата-анасымен байланыста", - деді Аружан Саин.

НЗМ басшылығының мәліметінше, баланың әкесі мектеп әкімшілігіне берген арызында өз отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен достарының сезіміне, баланың рухына түсіністікпен қарауды және оның өлімі туралы ақпаратты артық қолданбауды өтінген. Ұлының аты-жөні қолданылған әлеуметтік желілердегі кез келген оқиғаларды, әрекеттерді және жарияланымдарды тоқтатуды сұраған. Аружан Саинның айтуынша, оқушының отбасы қысым көрсету және болуы мүмкін психологиялық мәселелер туралы болжамдардың ешқайсысы шындыққа жанаспайтынын атап өткен.

"Отбасында тағы екі бала бар екенін білемін, олар үшін және олардың ата-аналары үшін үлкен қайғы болды. Баланың отбасына, достары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Балалар үшін - достары, сыныптастары үшін де - бұл үлкен трагедия", - деп қосты Аружан Саин.

Мектептен алынған мәліметке сәйкес, балалармен психологтар жұмыс істейді.
"Бірақ Қазақстанда жалпы өз-өзіне қол жұмсау, атап айтқанда, әртүрлі отбасынан шыққан балалар, әлеуметтік жағдайлар, тұрғылықты жері мен оқу орнының деңгейі бойынша өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша бізде осындай апатты статистиканың болуы отбасындағы да, қоғамдағы да терең проблемаларды көрсетеді", - деп атап өтті Аружан Саин.

Ол ата-аналармен жұмыс істеу қажет екенін атап өтті - олар балаларға, олардың мәселелеріне көбірек көңіл бөлуі, ақпаратқа ие болуы, дабыл сигналдарын көру және балалармен нәзік тіл табуы керек екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда НЗМ оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Полицейлер "Өз-өзіне қол жұмсауға апару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бала күзгі балға белдемше киіп, одан кейін сөгіс алып, мектеп психологына жіберілген. НЗМ әкімшіліні белдемше туралы мәселе болмағанын, оқушы мектептен жақсы көңіл-күймен шыққанын алға тартады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр