Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арты өлімге алып келеді: Кавасаки синдромына ересектердің шалдығуы мүмкін екені анықталды

Балалар арасында жиі кездесетін Кавасаки синдромына ересектерде шалдығуы мүмкін. Мұндай тоқтамға америкалық ғалымдар келіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

кавасаки

Америкалық CDC медициналық реттеушісінің баяндамасында коронавирус әкелетін асқынған аурулар жайлы айтылыпты. Мұнда SARS-CoV-2-ге шалдыққан балалар арасында бір жарым, екі айдан кейін Кавасаки тәрізді пайда болу құбылысы зерттелген. 

Айта кетейік, алғаш рет Кавасаки синдромының ересектер арасында таралатыны жайлы АҚШ ғалымдарынан басқа, Ұлыбритания, Испания және Франция зерттеушілері айта бастаған. 

Баяндамада айтылғандай, ересектер арасындағы Кавасаки синдромы көп жағдайда өлімге алып келген. Бұған қоса олар респираторлы ауруларға шалдықпаса да, ағзаларынан COVID-19 вирусы табылғаны зерттеушілерді қатты састырған. Сондай-ақ, ересектердің жүрек-қантамырлары, ас қорыту, тері және неврологиялық жүйелеріне зақым келгені анықталыпты. 

Қазіргі таңда Кавасаки синдромының ересектер арасында неден пайда болатыны жайлы ақпарат жоқтың қасы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Кавасаки синдромына шалдыққан екі баланың көз жұмғаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау