"АрселорМиттал Теміртау" заңгерін көршісі қызғаныштан өлтірген – полиция
Полиция "АрселорМиттал Теміртау" заңгері Ирина Эмнің өлтірілуі оның кәсіби қызметімен байланысты емес екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ирина Эм
Кісі өлтірудің себебі қызғаныш болуы мүмкін.
Қазір Ирина Эмнің көршілері – ерлі-зайыптылар қылмыс жасады деген күдікпен тергеліп жатыр.
Болжам бойынша, 52 жастағы ер адам марқұмнан қарызға ақша алуға келген, бірақ бұл оның әйеліне ұнамай қалса керек.
Тергеу мәліметтері бойынша, әйел Ирина Эмді бірнеше рет пышақтаған. Қылмысты жасыру үшін ерлі-зайыптылар пәтерге өрт қойған.
Еске салайық, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.
Кеше Ирина Эмді өлтірді деген күдікпен 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел ұсталғаны хабарланған.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"