"АрселорМиттал Теміртау" басшысы күніне 1 миллион теңге жалақы алып отырған
Компания басқарушы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге немесе айына 31,3 млн теңге төлегені белгілі болды. Бұл деректерді Finance.kz Telegram арнасы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Finance.kz басылымының мәліметінше, компания басқарушысы бір күнде 1млн теңге жалақы алып отырған.
"2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды жай ғана қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. Алайда қаржылық есептер 31 тамызға дейін болуы тиіс еді. 2020 жылы Палаватху Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алды. 2019 жылы оның алдындағы басшысы Парамжит Сингх Калон 328 миллион теңге алды. 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес, АрселорМитталдың 2021 жылы таза пайдасы 215 миллиард теңгені құрады" – делінген басылымда.
Еске салсақ, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болғанын хабарлаған едік. Шахтадағы апаттан қаза болғандар саны 45-ке жетті.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді