Арнайы операцияның мақсаты өзгерді, енді бұл тек ДХР мен ЛХР елдері ғана емес – Сергей Лавров
Ресейдің Украина аумағындағы арнайы операциясының міндеттері өзгерді, деп мәлімдеді РФ Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазір география басқаша. Бұл тек ДХР мен ЛХР (Қазақстан мойындамаған елдер – Ред.) ғана емес, бұл Херсон облысы, Запорожье облысы және басқа да бірқатар аумақтар. Және бұл жұмыс жалғасып жатыр әрі табанды түрде жалғасып жатыр", - деді министр.
Егер Киевке алыс қашықтықтағы қару-жарақ жеткізілсе, операцияның аумағы одан әрі ілгерілейді, деп қосты Лавров.
- "Гитлерде де "еврей қаны" болған": Израиль Лавровтың мәлімдемесінен кейін кешірім сұрауын талап етті
- "Ұлтшылдықты өршіту мақсатында істеп отыр": Ресей сыртқы істер министрі Қазақстанда орыс тілділерге кемсітушілік жасалатынын айтты
"Біз Украинаның Зеленский немесе оның орнын басатын адам басқаратын жерде біздің аумаққа және өз тәуелсіздігін жариялаған, болашағын өздері анықтағысы келетін елдерге тікелей қауіп төндіретін қарудың болуына жол бере алмаймыз", - деп түйіндеді Ресей сыртқы істер министрі.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"