"Арматурамен басынан ұрған": Алматыда мопед айдағандар көлік жүргізушісіне шабуылдаған
Алматыда мопед пен жеңіл көлік жүргізушілері төбелескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Оқиға Алматыдағы City Plus тұрғын үй кешенінің маңында болған.
Жағдай 27 мамырда кешкі сағат 21:00 шамасында болды. Мопед Toyota Land Cruiser автокөлігінің бамперін сырып кеткен екен. Содан кейін көлік жүргізушіні арматурамен басынан ұрған. Төбелестен кейін бұзақылар қашып кетіпті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"