AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Дүйсенов әнші Ғазизхан Шекербековке өлең арнады

Арман Дүйсенов әнші шәкірті Ғазизхан Шекербековке өлең арнап, жылы лебізін білдірді. Сазгер шәкіртінің қуанышын көппен бөлісті. 

Арман Дүйсенов Ғазизхан Шекербековке өлең арнап, ықыласын білдірді. 

“Жанымда жақсыларым жанашырым,
Сыйлаған өмірінің бар асылын.
Құлы деп қолын жайған бір Алланың,
Ұлы деп асып туған Алашының.

Мен баймын аласармас достарыммен.
Құзар шың өнер атты асқарыммен.
Ұстазға көңілі адал шәкірттерім
Қатар тұр арайланған аспаныммен.

Ғазизхан Шекербек қой соның бірі.
Мінезді, жүрегі кең , сабырлы үні.
Аға деп абыройымды асқақтатып,
Түспеген ешқашанда қадір, құны.

Жүрген соң Қызыр күнде есігінде.
Көрген жоқ кейін кетіп көші мүлде.
Еселеп бақыты мен қуанышын,
Тербелді кесте тігер бесігінде.

Қашанда алып жүрер елді есіне,
Тұлпардай құлаш жайып кең көсіле.
Сүйінші сұрап жұрттың барлығынан,
Үлкеееен бақыт сыйлады жеңгесіне!

Арман қосып менің де арманыма,
Қуанып, риза боп қалғаныма.
Тілегім кіп-кішкентай Айсұлуым,
Айдай сұлу ұқсасын Жан-жарыма!”,  деп жазды композитор. 

Арман Дүйсенов пен жары Шекербековтің жақында өмірге келген қызына кіндік әке-шеше болды. 

Бұған дейін Ғазизхан Шекербеков Арман Дүйсеновтің өзіне ұстаз екенін айтып, азаматтығы жайлы айтқан еді. Өзіне өнер жолында қолдау көрсеткен мойындады. Ал жақын күндері тағы да әке атанғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады. 

“Жаңа Қазақстанды бірге құрайық”, – деп жазды ол.

Көпшілік бауы берік болсын айтып жатыр.

“Балапандарымыздың ұйқысы тыныш болсын!”, “Ғұмырлы болсын балапандар! Болашақтары жарқын болсын!”, “Бауы берік болсын. Ақылды, алиқалы перзент болсын. Алланың сүйген құлдарынан болсын”, – деп жазды желідегілер.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр