Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жариялады", - деп хабарлады Астана қалалық соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-мәдениет министрі, Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты ұсталғанын растаған болатын.
Кешенді жасырын шаралар нәтижесінде сотталған бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлының әйелінен пара алуға әрекеттенгені әшкереленді. Адвокат алаяқтық және ақша беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге