"Әр көліктен 50 мен 200 мың теңге арасында": Түркістан облысында кеденшілер пара алып келген
Түркістан облысында кеденшілер жүк көліктерінінің ел аумағына кіріп-шығуы үшін пара алып келген деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Антикордың мәліметінше, "Қазығұрт" кеден бекетінің қызметкерлері шекарадан кедергісіз өткісі келген әр жүк көлігінен 50 мың мен 200 мың теңге арасында ақша алып отырған.
Қазір аталмыш бекеттің лауазымды тұлғаларын жұмыстан шеттету және абақтыға жабу мәселесі қаралып жатыр. Сондай-ақ кеденшілердің заңсыз әрекетпен қанша уақыттан бері айналысып келгені анықталып жатыр.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"