Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр қазақстандық екі аяғымен нық тұруы керек: бірі қазақ тілі, екіншісі орыс тілі – Ресей елшісі Қазақстандағы тіл мәселесі туралы

Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкин елімізде орыс тіліне қарсы саясат жүргізілмейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, орыс тілі Конституцияда белгіленген ресми тілдердің бірі және бұл өзгермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бородавкин

Елшінің айтуынша, Қазақстанда орыс тілінің мәртебесін ешкім өзгертпейді. 

"Мемлекеттегі саясатты айтар болсақ, мұнда әр қазақстандық екі аяғымен нық тұруы керек деп есептейді. Оның бірі қазақ тілі, екіншісі орыс тілі. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болса, Конституциямен белгіленген екінші ресми тіл – орыс тілі. Мұны ешкім өзгертпейді. Осындай саясатты қазақстандықтар одан әрі нығайтады. Әрине, Қазақстан халқы екі тілде де сөйлеуі керек дегенді білдіреді. Дегенмен қазақ тілі халықтың негізгі тілі болып қала береді. Осылайша қос аяғы бірдей қадам жасайды", – деп мәлімдеді ол. 

Алексей Бородавкин қазақ қоғамында орыс тілінің маңызы арта түскенін қосып өтті. 

"Мәселен, Тоқаевтың инаугурацияда сөйлеген сөзінің жартысы орыс тілінде болды. Әрі бұл бірінше емес. Ол үнемі сөз сөйлегенде орыс тілін қосады. Тағы бір дәлелі халықтың өзі орыс тілін дамытқысы келеді. Тоқаев ТМД аумағында орыс тілін ілгерлету жөнінде ұйым құру туралы бастама көтерді. Ал биыл Астанада өткен саммитте ұйымның концепциясы белгіленді", – деп қосты Бородавкин.

Талқылау