Әнші Лидо әкімшілік жазаға тартылды
8 тамызда Алматыда Royal Tulip Almaty қонақүйінде өткен жиынға қатысқан тағы екі адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Әнші Лидо (Лидия Досалина) мен фотограф Ришат Кәрімовке ӘҚБтК-ның 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды.
Бап бойынша 30 АЕК (87 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылады.
Бұған дейін шараны ұйымдастырушы "Е.М. Күлтасов" жеке кәсіпкерлігі, қонақүй менеджері, әнші Луина мен оның күйеуіне айыппұл салынған болатын.
Сонымен қатар әнші Бүркіт, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, әнші және актриса Рано Умарова, продюсер Ләззат Биғалиева мен шоумен Кирилл Мейстер үшін хаттама жасалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”