Анатомия сабағын өзінің денесінде түсіндірген ұстаз оқушыларды шошытты
Испанияда анатомия пәнінде өзінің денесі арқылы сабақ берген Вероника Дуке есімді ұстаз оқушыларды шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы оқытушының күйеуі өзінің Twitter парақшасында жариялады.
Дуке сабаққа бұлшық ет пен адамның ішкі мүшелері көрсетілген киім киіп келген. Ол оқушыларға бұл киімді интернет дүкені арқылы алғызғанын айтқан. Оның жұбайының айтуынша, әйелі оқушыларға адам анатомиясын көрнекі түрде түсіндіріпті. Алайда балалар мұғалімнің бұл әрекетіне жағаларын ұстаған.
43 жастағы Дукенің шәкірт тәрбиелеп жүргеніне 15 жылдан асыпты. Ол оқушыларға жарытылыстану пәндерінен, өнерден сабақ беріп, шетел тілдерін үйрететін көрінеді. Қазір ол үшінші сынып оқушыларын оқытады. Ұстаз өзінің тәлімгерлеріне сабақты қызықты өткізуіне мұқият көңіл бөледі екен. Көрнекі мысалдарды Дуке анатомия пәнінен бөлек тарих және тіл үйретуде пайдаланады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен