Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы байқамай қалған: Оралда асқазанында түйреуіш ашылып кетіп көз жұмған сәби өлімінің мән-жайы анықталды

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәбидің өліміне қатысты ақпарат анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме беріп.

Облыстық балалар ауруханасы директорының медицина ісі жөніндегі орынбасары Юлия Горячева 9 қарашада қызды ауруханаға жедел жәрдем дәрігерлері әкелгенін айтты.

“Сәбиді қабылдау бөлмесінде бірден тексерген соң, ауыр жағдайына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды. Рентгеноскопия жасалды, ол баланың асқазан-ішек жолында ашық түрде түйреуіш бар екенін анықтады. Анасы, бір өкініштісі, түйреуішті қашан және қалай жұтып қойғанын байқамаған. Ол дәрігерлерге баланың тынымсыз екенін және бір апта ішінде нәжісінің бұзылғанын айтқан",  – деді Юлия Горячева.

Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай баланы құтқару мүмкін болмаған. Сәби сол күні сағат 23:00 шамасында бала көз жұмды. Облыстық ПД-да адам өлімі фактісі бойынша іс тіркелгені нақтыланды. Трагедияның басқа да егжей-тегжейлері анықталуда.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр