Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аналардың туған күніне арналған әдемі құттықтаулар

Сіздерге аналарды туған күнімен құттықтауға арналған тілектер ұсынамыз.

---

Ата-ананы таңдау өз ырқымыздан тыс. Ал сен мені Құдайдан тіледің, ал менің сені таңдауға еш мүмкіндігім болмады. Бірақ мен дәл сенің қаныңнан ұйып, жаратқан мені сенің жатырыңа салғанына өмір бойы шүкіршілік айтамын. Сенің әлемде қайталанбас, көшірмесі жоқ туындың екенім рас. Сол үшін де саған алғысым шексіз. Жаратқан ғұмырыңды мәнді, ұрпағыңды ұлағатты етсін! Сенің қуанышыңды көрмесем, менің өмір кітабым қызық болмайды. Жасығаныңды көрмесем деймін, себебі сен өмір сүрсең тынысым кең. Менің бойымдағы қанның сенде, сенің бойыңдағы рухтың менде болғаны мені өмірде жетістікке жетелейді деп сенем.Денсаулығың болаттай берік, ғұмырың мәнді де, сәнді болсын! Құдай тағала өзіңе, ең бастысы жүрегіңе көптеген ізгіліктен жазсын!

---

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.

Мен өзіңді теңдессіз құдірет деп түсінем.

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен!

Аяулы ана, сен дегенде жүрек шіркін езілмей, елжіремей тұра ма?! Осы әлемде сенен артық адам жоқ деп сенемін. Жер жақұтын алдыңа әкеліп төгіп берер ем, мен үшін бір күлімдегенің, жылы сөзің қуат алуға жетеді. Қуанышың көп болсыншы, балаларыңның, мына біздің және немерелеріңнің  қызығына тоймай жүре бер!

---

    Сүйікті анашым! Мен үшін бұл өмірдегі ең жақын жан өзіңсің! Сенің көңіліңе ешқашан кірбің түспеуін қалаймын. Ауру-сырқау, қайғы-мұң сені айналып өтсін! Әрдайым осы қалпыңда көркем мінез, парасаттылықтың нышаны мен символы болып тұра бер! Сен – біз үшін үлгісің! Сен сіңірген тәрбиені, парасаттылықты өз балаларыма сіңірем, өмірлік ұстанымым етем!

---

    Әйел адам жас қосқан сайын қартайып келем деп мұңайса да, сенің туған күнің мен үшін – той. Себебі бұл күні менің ең жақын адамым дүние есігін ашқан. Бұл күні мені өмірген әкелген адамның туға күні, онсыз мен де ешкім емес едім, тіпті мына дүние де болмайтын да едім. Жан ана, сенсіз - өмір қараңғы. Бар бол, қасымызда бол! Денің сау, басың аман болсын!

---

Анашым, сен менің кеңесшім, ақылшымсың. Өмірімді сенсіз елестету - қараңғы бөлмеге шамсыз кіріп, одан шыға алмайтыныңды булмен тең. Мен барлық арман, мақсаттыммен үмітімді өзіңде сақтаймын, сен менің – алтын қорымсың,  ал сен маған қолдау мен кеңесіңді бересің, аямайсың. Себебі сендік махаббат әлемдегі теңдесі жоқ күш. Сендік махаббат - сарқылмас энергия. Саған күш-қуат, денсаулық, өмірге деген құлшыныстың артуын тілеймін.

---

Мені өмірге әкелген, мәпелеп өсірген, түн ұйысын төрт бөлмек түгілі, көп бөлген анамды туған күнімен құттықтағым келеді. Баянды ғұмыр, берік денсаулық, шаттық пен жақсы көңіл-күй тілеймін сізге, анашым! Күлімдеп жүрші, сенің күлкің жүрекке жылуылық ұялатады, болашаққа сенімділікті ұлғайтады. Сенің барың – қуат береді.

---

Анадан қымбат дүниеде ештеңе, ешкім жоқ. Тал бесікке бөлеген сәттен бастап осы күнге жеткізген өзіңе алғыс айтам. Адам етіп тәрбиелегеніңе шүкіршілік айтамын. Аналық бақытқа кенеліп, айналаңа нұрыңды шашып жүре бер!

---

Бір әулеттің шаңырағын биіктетіп, отын тұтатқан, шамшырағымыз, отбасымыздың алтын мүшесі – анамыз бүгін керемет жасқа келіп отыр. Бұл жасқа жетіп, өз көркем болмысын жоғалтпай, жақындарына сыйлы боп отырғаның абыройыңның белгісі. Мәңгілік тән мен жан жастығы бұйырсын, саған, шеше! Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

---

Шаттыққа кенелік, бақытқа бөленіп жүруіңіз менің өмірлік мақсатым. Ақ сүтіңізді ақтау арманым. Сіз бізге керексіз, өзіңіз болмасаңыз тынысым тарылады, өмірім күреңдене түседі. Ыстық алақаныңыз жылуын жоғалтпасын, мейіріміңіз әлемді жылытсын! Бақытты ғұмыр кешіңіз!

---

Сенің махаббаттың теңдесі жоқ, қайталанбас құбылыс. Қайтарымсыз сезім. Бізді осы махаббатың мен сүйіспеншілігіңді бізге беріп, ықыласыңа бөлеп мейірммен өсірдің. Бұдан артық қандай бақыт бар? Бала үшін ана махаббатынан асып түсер не бар?!

---

Жанымда ұзақ жүріп, шалқым күлсең шын мәнінде жүрегім жыр толғайды. Жер жаһанның жақсылығы өзіңе бұйырсын! Екі дүниеде де бақытқа кенелгейсің!

Талқылау