Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мешіт қызметкерлері үмітсіз науқастың бүйрегіне ота жасап берді

Алматы қаласында Наурызбай ауданына қарасты «Қарағайлы» мешітінің ұйытқы болуымен үмітсіз науқас Ермекбаева Гүлзат деген азаматшаның Алматы қаласы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бір бүйрегіне ота жасалды.

760877_1488368056

Қажетті соманы таба алмағандықтан үмітсіздікке түскен Гүлзат қарындасымыздың бір бүйрегін ауыстыру отасы сәтті өтіп, қазіргі жағдайы бір қалыпты жақсы. Отаның жасалуына Қарағайлы мешітінің Бас имамы Көкірекбаев Ермек ат салысып, демеушілерді ұйымдастырумен бір жарым милион теңге қаржылай көмек жасалды, деп хабарлайды Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

109654_1488368054_890_530_0

 

Талқылау