Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық жігітті анасымен арабша сөйлескені үшін ұшақтан түсіріп кетті (видео)

Танымал америкалық пранкер әрі видеоблогер Адам Салехті Лондон-Нью-Йорк бағытында қатынайтын Delta Airlines компаниясының ұшағынан түсіріп кеткен.

95a0a2fcf968f9

Фото: tjournal.ru

Ол ұшар алдында телефон арқылы араб тілінде сөйлескен екен. Ол бұл туралы өзінің Твиттердегі парақшасында жариялаған.

“Мені басқа тілде сөйлегенім үшін қуғындап жатыр. Үлкен рахмет. Мен өз көзіме сенбей тұрмын. Менің басқа тілде сөйлегенім, кімге кедергі келтірді”, – дейді ашуланған ер адам. Ол түсірген ұшақтағы ролик интернетте танымалдылық жинауда.

Оның айтуынша, тек араб тілінде ғана сөйлейтін анасына қоңырау шалған екен. “Мен оған ұшар алдында үнемі хабарласамын”, – дейді Салех.

Ал әуе компаниясы болса Салех өзін дөрекі ұстап, айқайлап сөйлеген соң ұшақтан түсіріп тастағандарын айтқан. “Қауіпсіздік пен жолаушылардың жайлылығы біз үшін бірінші кезекте. Ал ол адамдар осы принципті бұзғысы келді”, – дейді Delta Airlines әуе компаниясы өкілдігі.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен 800 мың теңге жалақы алатын күйеужігітін «кедей» деп тастап кетті

Жапония премьер-министрі күзетшілерінің сыпайылығы желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Жолаушы ұшақта өзіне еркектің жыныс мүшесіне ұқсайтын тағам бергенін айтты

Мейрамхана қонағы тәрелкесіндегі етті көріп есінен тана жаздаған

Талқылау