Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл жақтан кеткім келмейді": Америкалық әнші Николь Шерзингер Алматының табиғатына тамсанды

Күні кеше Алматыда белгілі америкалық әнші Николь Шерзингердің концерті өтті. Шаһардағы қонақүйлердің біріне орналасқан өнер иесі бөлменің терезесінен ерекше көрініске куә болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр

Әншінің желідегі парақшасына жүктеген видеосынан Алматының таулары мен күн шығып келе жатқан сәтті тамашалауға болады. Николь әсерлі көрініске куә болғанда таңданысын жасыра алмады.

“Енді ғана келдім. Қайда келгенімді табыңыздар. Мына көрініске қараңыздаршы. Қандай керемет! Күн шығып келе жатыр, таң атты. Мен Қазақстандамын. Сондай толқып тұрмын. Таңданысымда шек жоқ, бұл жақтан кеткім келмейді”, – дейді өнер иесі сезімін жасыра алмай.

Николь – әнші, көптеген әндердің авторы, биші, актриса және тележүргізуші. Ол көпшілікке атақты Pussycat Dolls тобының әншісі ретінде танылды. Тыңдарманға Николь Шерзингер деген атпен танымал Николь Прасковиа Эликолани Валиенте 1978 жылы 29 маусымда Гонолулуда дүниеге келген.

@sxodim

Николь Шерзингер прилетела в Алматы и восхищается нашими горами ❤️ Уже сегодня процдет ее концерт вместе с T.I., кто идет?

♬ оригинальный звук - Sxodim Almaty
Талқылау