Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкадан оралған Қайрат Нұртас Жұлдыз туралы айтып, оқырмандарын қызықтырып қойды

Қайрат Нұртас жақында Америкадан елге оралды. Әнші Жұлдыз туралы айтып, желі қолданушыларын қызықтырып қойды. Оқырмандар түрлі сауал жолдап үлгерді. 

Қайрат Нұртас Кенжебек Жанәбілов ұсынған тәттілерді жеп көріп, оған баға берді. Әнші тәттілерді алып, Жұлдызбен бірге шай ішетінін айтты. 

“Қалған тәттілермен үйде шай ішемін. Жұлдызбен бірге”, – деді Нұртас.

Әншінің әр қадамын аңдып отырған оқырманы оның бұл сөзін қалт жіберген жоқ. Әнші мен Жұлдыз екеуінің арақатынасы туралы түрлі сауал жолдай бастады. 

“Жұлдызбен біргесіз бе?”, “Қайта татуластыңыз ба?”, “Сіздер туралы көп айтылады”, “Ел жаман ойламасын деп әдейі айтады”, “Халықтан ешнәрсе жасыра алмайсыздар”, “Олар ажырастық деген жоқ қой”, “Бірге шай ішкен сәтін күтеміз”, “Жұлдызды аузынан тастамайды әйтеуір”, “Бәрі жақсы болсын, бірге болсын”, “Балаларға әке керек”, – деп жазды олар. 

Соңғы кезде Қайрат пен Жұлдыз ажырасты деген қауесет көптеп айтылады. Алайда әншінің өзі бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Ал анасы Айдарбекова кез келген отбасында жанжал болады деп жылы жапты. Желі оқырманының бірі мұны кезекті хайп деп болжауда.

Ал Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай АҚШ-та мерекелік іс-шара өтті. Филадельфия қаласында ұйымдастырылған мерекеге композитор Марат Омаров пен әнші Қайрат Нұртас қатысты. Қайрат аталған қалада алғаш рет Қазақстанның туын көкке көтерді.


Талқылау