"Америкада мерседес сыйлап едім": Фариза Төреәліге күйеуі тағы бір көлік алып берді
Танымал блогер Фариза Төреәлі туған күнінде қымбат сыйлыққа ие болды. Оған күйеуі, спортшы Дархан Нортаев электрокар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Блогер туған күнін Париж қаласында атап өтті.
“Естеріңізде болса, бір жыл бұрын Фаризаның туған күніне АҚШ-та мен мерседес сыйлаған едім. Енді Алматыда көлік болмағандықтан, осындай көлік сыйлаймын деп шештім”, – деді Дархан Нортаев.
-
"Трендтің құрбанымын": Екітүрлі аяқкиім киген Ерке Есмахан сән туралы сыр шертті
-
"Құны – 2 миллион теңге": Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті
Алайда туған күн иесі тосынсыйдың қандай болатынын білмейтін болып шықты.
“Қазақстанға келгенде тосынсый күтіп тұр деп еді. Бірақ шын мәнінде дәл бұлай болады деп күтпедім! Сыйлық сылаудағы шынайы мақсат — өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу. Әр әйел қауымы бар жақсылыққа лайық. Мәселе сыйлықта емес, ниетте. Баршаңызға шын жүректен бақытты сәттерді тіледім. Сіздерге де Алла тағала бар жақсылықты нәсіп етсін, қыздарым”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары туған күн иесіне түрлі ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Машина жүргізбейтін Фариге машина алып бере беруге ерінбейтін Дархан. Коллекция жинаңыз", "Құтты болсын. Менің кыздарыма да сендей жігіт жолыктырсын Алла", "Құтты болсын... Күнде орамалыңыздың түсіне байланысты көліктерді ауыстырып айдайтындай дәрежеге жетіңіздер", –деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, блогер отбасында әнші Төреғали Төреәліден кейін 10 жыл күттіріп келген сәби екенін айтқан еді.