Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аман Бақытжан дзюдодан жылдың алғашқы "Гранд-Слэм" турнирінде қола жүлде еншіледі

дзюдоФото:IJF

Париж төрінде дзюдодан жылдың алғашқы “Гранд-Слэм” турнирі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсекеде 60 келіде бақ сынаған Аман Бақытжан қола жүлдеге қол жеткізді.

Аман Бақытжан айтулы доданы екінші айналымнан бастады. Ол жарыс жолында француздық балуанды иппон әдісімен сан соқтырды.

Ал 1/16 финалда бразилиялық Михеил Аугустаны вазари әдісімен тізе бүктірсе, ширек финалда словениялық Девид Старкелден айласын асырды.

Бірақ Аман жартылай финалда украиналық Дилшот Халматовқа есе жіберді. Ал қола үшін тартыста кубалық Жонатхан Чаронды голден скорда жеңді.

Алайда бұдан өзге сынған түскен дзюдошыларымыз алғашқы айналымнан әрі аса алмады. 60 келіде Шерзод Давлатов, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев бірінші белдесулерінде сүрінді.

73 келіде Есет Қуанов ширек финалға дейін жетіп, жұбаныш белдесуінде тәжік спортшысына вазари ұпайымен жол берді. 

Аталған салмақтағы тағы бір отандық спортшы Дастан Шаяхметов 1/8 финалға дейін жете алды.

Айта кетейік, Аман Бақытжан 2025 жылы Астанада өткен “Гранд-Слэм” турнирінде де қола жүлде еншілеген.

Ақерке Өмірхан
Сенбі, 07 Ақпан, 2026 23:13