Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова өзінің мазасын алған ақылсыз әншілерге ашуланып кетті

Қазақстан эстрадасына «RinGo», «Ayumi», «Renzo» сынды топтарды қосқан танымал продюсер Алуа Қонарова кастинг жариялады. Продюсер тағы бір ерлер тобын құруға бекінді, деп хабарлайды Stan.kz.

конарова с рингошами_9

Бұл туралы Қонарова желідегі парақшасында хабарлады.

Жаңа құрылатын топқа 19 бен 23 жас аралығындағы, бойы 180 сантиметрден кем түспейтін, вокалдық және хореографиялық мүмкіншіліктері бар жігіттер қабылданады. Алуа Қонаровамен жұмыс істегісі келетін өнерпаздар өздері туралы мәлімет пен орындаған әндерінің демо-нұсқасын продюсердің поштасына ([email protected]) жіберуі тиіс.

Алайда топта ән салғысы келетін жігіттердің көпшілігі Қонарованың талаптарын жіті оқымаған ұқсайды. Кастингке қатысуға ниеттенген көптеген жігіттер мәдениетсіздік танытып, продюсерге түрлі мәтіндегі өтініштерін жолдаған.

“Біріншіден, дайректе жіберілген өтініштерді қарастырмаймын деп анық айттым. Онда жіберудің қажеті жоқ.

Екіншіден, суреттерін жіберген жігіттерге айтарым, онымен қоса жоқ дегенде өздерің орындаған әннің демо нұсқасын немесе қысқаша видео түсіріп жіберулеріңіз қажет. Назар аударамыз: Видеода ән айтуларыңыз қажет! Камераға сексуалды көзқарастарыңызды түсіріп жібергендеріңіз мені қызықтырмайды.

Үшіншісі және ең маңыздысы: Менің нөмірімді тауып алып, WhatsApp желісіне жазуға, қала берді телефон шалуға қатаң түрде тыйым салынады. Ондай жағдайда да сіздердің өтініштеріңіз қарастырылмайды.

Менің есімім – Алуа Құрманәлиқызы, Алуашка емес… жарай ма? Дәл қазір осыны оқып, ұялып отырған боларсың деп үміттенемін.
Тыңдаңыздар, жолдастар, өтініш жіберудің өзіндік ережелері мен талаптары бар. Оларды сақтамасаңыздар, демек миларыңызда ақау бар. Ондайларды қажет етпеймін.

Жігіттер, миларыңызды іске қосыңыздар! Маған құрметпен қараңыздар, сонда қолдарыңыздан келеді. Ал топқа ең талантты әрі ақылды жігіттер қабылданады”, – деп жазды ашуланған Алуа Қонарова.

Кастингтің қанша уақытқа созылатыны және топқа қанша жігіт қабылданатыны жөнінде ақпарат әзірге жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова босанғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Жәния Джуринская: Таиландта жезөкшелер мен трансвеститтер көп

Баян Есентаева сыртқы келбетін сынға алған желі оқырмандарына жауап берді (фото)

«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды

Талқылау