Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жанармай бекетіне шабуылдап күзетшіні қорқытқандар ойыншық қару қолданған (видео)

Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің біріне шабуыл жасағандар ойыншық тапаншамен қаруланған болып шықты.

Безымянный

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің айтуынша, күзетші бірден байқап, оларға жанқиярлықпен қарсы тұрған. Қазір күдіктілердің кімдер екені анықталған. Шұғыл топ құрылып, олар іздестірілуде.

Еске салайын, атыс-шабыс жанрындағы фильмнен кем түспейтін видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Кадрдан бетперде киген екі ер адамның тапаншамен күзетшіге шабуылдап, кассадағы ақшаны беруін талап етіп жатқанын көруге болады. Күзет қызметкері орындықпен қорғанып, қаскүнемдерге тойтарыс берген. Қаскөйлер сәлден соң далаға қашып шығып, ізін суытқан.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз белгісі бойынша адамның ең нашар қасиеттері

Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

Елорда атауын өзгерту: Астана тұрғындарына қандай құжаттарды ауыстыруға тура келеді

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Талқылау