Алматы кафесінде балаларға кальян жеңілдікпен сатылып жатыр
“Түтін иісінен еркін Қазақстан үшін” ұлттық коалициясы балалар мен жасөспірімдерді кальян түтінімен улап отырған кафе-барлардың иелерін айыптап отыр.

Сурет allwomens.ru
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Бизнесмендер өз саудасын шарықтату үшін, “Сыйлыққа кальян”, “Екіншісі тегін”, “Кальян шек те, өзіңді король секілді сезін” деген жарнамалармен алдайтын көрінеді.
“Олар ұятсыз жарнама жасап, кальяндарын балаларға сатып жүр”, – дейді “Түтін иісінен еркін Қазақстан үшін” ұлттық коалициясы жетекшісі Жәмила Садықова.
Жәмила Садықова интернеттен сондай бір мейрамхананың баспасөз-мәслихатын көргенін айтады. Онда бір адам тұрып, кәмілетке толмаған балалардың құжатсыз кіріп кетіп, тапсырыс бере алатындығын айтқан. Бұл ретте ресторатор Гурген Басенциян “Біз ата-анасымен бірге келген балаларға кальян ұсынамыз. Олар сосын ата-анам қасымда болған кезде, шектім деп айта алады” дейді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді